Республикамыздың өңірлерінде іріктеу кезеңін «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі өзінің өңірлердегі филиалдары арқылы жүзеге асырады.
Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша І кезеңге 20 жас ақын қатысады (әр өңірден бір қатысушыдан). Қандай да бір өңірден қатысушы болмаған жағдайда, Ұйымдастырушы қатысушының квотасын басқа өңірлердің пайдасына қайта бөлуге құқылы.
- Іріктеу кезеңі – өңірлерде 1 - 17 қазан аралығы
- I кезең – Астана қаласында 31 қазан
- II кезең және финалдық кезең – Астана қаласында 1 қараша